Жамбыл облысында өрескел заңсыз аңшылық фактісі анықталды

57
27 қараша 2025 жылы таңғы сағат 05:00 шамасында «Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі» КММ инспекторлары Талас ауданы, Аққұм кентінің солтүстік-шығыс бағытындағы құмды алқапта рейдтік іс-шара жүргізу барысында заңсыз атылған қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасын анықтады.
Оқиға орнынан «А» және «Е» есімді азаматтар жол талғамайтын автокөлігімен ұсталып, екі бірлік аңшы қаруы тәркіленді.
️Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта іске қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.