Мәдениет және ақпарат министрлігі
https://turkystan.kz/article/271462-symkentte-zurnalisterge-zamanaui-cifrlyq-texnologiialar-boiynsa-trening-otkizildi
Шымкент қаласында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының журналистеріне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тренинг өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара Мəдениет жəне ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Оқыту бағдарламасы редакциялық үдерістерге жасанды интеллект құралдарын тәжірибеге енгізуге бағытталды. Қатысушылар редакция жұмысында ЖИ технологияларын интеграциялау әдістерін меңгеріп, мультимедиялық форматтар мен әлеуметтік желілер үшін материалдар дайындау тәсілдерін зерттеді.
Тренинг барысында «Kcell» АҚ мен Ericsson компаниясының сарапшылары телекоммуникация секторының өзекті даму үрдістерін, еліміздің цифрлық трансформациясындағы негізгі рөлін және экономикалық өсімге тигізетін ықпалын таныстырды.
Практикалық бөлімде қатысушылар заманауи жасанды интеллект құралдарын сынақтан өткізіп, медиаконтентті әртүрлі платформалар мен аудиторияларға бейімдеу тетіктерін меңгерді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271462-symkentte-zurnalisterge-zamanaui-cifrlyq-texnologiialar-boiynsa-trening-otkizildi