ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

63
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 қарашадағы шешімімен 2025 жылғы 16 қарашада сайланған Баймбетов Дархан Тобашович Талас ауданы Қаратау қаласы әкімі болып тіркелді.
Баймбетов Дархан Тобашович 1979 жылы 10 шілде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
1999 жылы — Жамбыл педагогикалық колледжінде «Бастауыш сынып мұғалімі», 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтында «Бухгалтерлік есеп және аудит», 2012 жылы — Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Тарих» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім басқармасының Ақтоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2002 жылы Жамбыл облысы “Тараз-Дәуіт” ЖШС-нің күзетшісі;
2003-2008 жылдары Жамбыл облыстық “Халық тәлімі” және “Балдәурен-балғын шақ” газеттерінің Талас ауданындағы меншікті тілшісі;
2008-2010 жылдары Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері;
2010-2013 жылдары Талас ауданы әкімдігінің “Жұрындысай” балалар сауықтыру лагерінің директоры;
2013-2016 жылдары Талас ауданы Үшарал ауылдық округінің әкімі;
2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КМҚК-ның әдіскері;
2017-2018 жылдары Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі;
2018-2019 жылдары Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің  “Жұрындысай” балалар сауықтыру лагерінің директоры;
2019-2021 жылдары Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі;
2021 жылы Талас ауданы Қаратау қаласы әкімнің орынбасары;
2021 жылдың 29 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі қызметін атқарып келді.
Отбасы жағдайы: отбасылы, 5 ұл тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.