Жамбыл облысында «Оқушылар фестивалі» атты жайдарман ойындары жоғары деңгейде өтті

12

Жамбыл облысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдени белсенділігін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Оқушылар фестивалі» атты жайдарман ойындары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында жайдарман ойындарын кеңінен насихаттау, жастардың тапқырлық пен шешендік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ұжымдық бірлікті нығайту болып табылады.

Фестивальге облыс орталығы мен аудан мектептерінен іріктелген онға жуық оқушылар командасы қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Әр команда өзіндік ерекшелігімен, ұтқыр әзілдерімен және сахна мәдениетімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жайдарман ойындары барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы өрнектеп, тапқырлық пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Көрермендер командалардың өнерін ерекше ықыласпен қабылдап, жылы қошеметтерін білдіріп отырды. Қазылар алқасы командалардың дайындық деңгейі мен шығармашылық ұстанымын ескере отырып, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде:

  • І орын«Келешек» командасы (Келешек мектебі);
  • ІІ орын«I’m» командасы (Жуалы ауданы);
  • ІІІ орын«Абай бол» командасы (Абай мектебі) иеленді.

Сонымен қатар, ерекше өнерімен көзге түсіп, көрермендердің ықыласына бөленген Әбділда Ернар («Лицей» командасы) «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

«Оқушылар фестивалі» атты жайдарман ойыны жас буынның шығармашылық әлеуетін арттырып, олардың өзіндік ой-пікірін еркін жеткізуіне, сахна мәдениетін меңгеруіне және ұжымдық рухты қалыптастыруына зор ықпал етті. Осындай мәдени әрі тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және өнер мен тапқырлыққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.