Жамбыл облысының ХҚКО-ларында басым кезек арқылы қызмет алу қолжетімді

45

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған бірқатар қызмет түрлерін ұсынады. Солардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтердің бірі – жеке менеджер қызметі.

Жеке менеджер – азаматтарға қажетті құжаттарды күтпей және кезексіз рәсімдеуге көмектесіп, басым кезек арқылы жеке қызмет көрсететін ХҚКО қызметкері. Биылғы жылдың басынан бері бұл мүмкіндікті облыс бойынша 800-ден астам тұрғын пайдаланды.

«Тараз қаласында жеке менеджер қызметін пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылдың он айында қалалық ХҚКО-лар арқылы басым кезек арқылы шамамен 190 қызмет көрсетілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков.

Бұл сервис түрі жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді. Оның жұмысы туралы толық ақпаратты халыққа қызмет көрсету орталығындағы ресепшн үстелінен білуге болады. Сол жерде басымдық тәртібімен қызмет алу үшін талон алуға да мүмкіндік бар.

Сонымен қатар азаматтар жеке менеджерді үйге шақырту қызметіне тапсырыс бере алады, ал дайын құжаттарды тәулік бойы жұмыс істейтін постаматтар арқылы немесе өзіне ыңғайлы мекенжайға жеткізу қызметі арқылы ала алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.