Алатау қаласында тегін суши таратқан дәмхана иесіне айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында іс-шараның Алатау қаласы әкімдігімен келісілмегені анықталды. Сондай-ақ дәмхана әкімшілігі көпшілік жиналған жерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын орындамаған.
“Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды”, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтар тегін суши мен торт үшін бір-бірін таптап кете жаздағаны туралы хабарлаған едік.