Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің кешенді жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мойынқұм ауданы, Ақбақай ауылы Ақбақай негізгі мектебінде «Ашықтық, әділдік, парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс шара Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында орындалды.
Мақсаты:
Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру, педагогтар мен ата-аналардың тәрбие ісіндегі ынтымақтастығын нығайту.

Дөңгелек үстелге арнайы қатысып, өз ой-пікірлерімен бөліскендер:
▫️ Ақбақай негізгі мектебінің мұғалімдері мен қызметкерлері
Іс-шара барысында ұстаздар мен қатысушылар адалдық мәдениетін қалыптастырудың өзекті бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасты.
Адалдық – адамдықтың айнасы,
тәрбие – ұлт болашағының тірегі.