Біз бірге өмірді сақтай аламыз!

74

Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарын сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар ету айына арналған «Қызғылт қазан» атты қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.

Іс-шара 2025 жылғы 31 қазанда сағат 09:30-да Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында өтеді.

Акция бағдарламасында — қатерлі дертті жеңіп шыққан әйелдерді қолдауға арналған қайырымдылық марафоны, медицина мамандарының ақпараттық-ағартушылық дәрістері мен ашық кездесулері, сондай-ақ онкологтар мен маммологтар ұйымдастыратын кеңес алаңдары бар. Мұнда мамандар сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау жолдары жөнінде кеңес беріп, пайдалы деректер мен ұсыныстар қамтылған брошюралар таратады.

Баршаңызды сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар ету айы аясында өтетін «Қызғылт қазан» қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырамыз.
Біз бірге өмірді сақтай аламыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.