Медицина саласына қолдау көп

41

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында медициналық қоғамдастыққа ерекше тоқталып, ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы мәртебесін арттыру – басты басымдықтардың бірі екенін ашық мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын онлайн режимде тыңдадым. Бұл стратегиялық құжат еліміздің даму бағытын айқындай отырып, әрбір сала үшін нақты міндеттер мен межелерді белгілеп берді. Әсіресе, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелеріне баса назар аударылғаны айрықша қуантады. Бұл бастамалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, денсаулығын нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу үшін жаңа жүйе құру міндетін қойды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі базасында «Мониторинг» модулі іске қосылды. Бұрын стационарлық және амбулаторлық көмек жеке-жеке бағаланса, жаңа жүйе пациенттің емханаға қаралуынан бастап стационарға жатқызылуына дейінгі медициналық көмек жолын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Қордай аудандық орталық ауруханасының басшысы ретінде Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерімді жұмсап, өз кәсіби тәжірибемді аудан тұрғындарының игілігіне арнауға дайынмын. Халық денсаулығын қорғау – біздің қасиетті борышымыз әрі басты мақсатымыз.

 Айдын Байбеков,
Қордай аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.