Тоқаев түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

55

Фото: Ақорда

https://turkystan.kz/article/268150-toqaev-turikmen-xalqyn-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/268150-toqaev-turikmen-xalqyn-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady

Leave A Reply

Your email address will not be published.