ҚАЖ қызметкерлері қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

43

Жыл сайын Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл 130-дан астам ұлт өкілі тұратын елде бейбіт өмірдің тұғырына айналған достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

Мекеме жеке құрамының арасында көптеген ұлт өкілдері қызмет етеді. Әрқайсысының ұлтына қарамастан, олардың барлығы бір тату-тәтті ұжымда берекелі еңбек етуде.

1 мамыр қарсаңында мекеме қызметкерлері барша қазақстандықтарды бірлік пен татулық мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін, ыстық ықыластарын арнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.