Таразда ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында дзюдо күресінен жарыс өтті. «Динамо» спорт кешенінде болған турнирге Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің атынан 3 қызметкер қатысты. Тартысты өткен белдесулердің нәтижесінде әділет аға лейтенанты Дарын Ақжол жүлделі ІІІ орынға ие болды.