Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Жиынға кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен атқарылған жұмыстар туралы,
2. Жастар арасында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру туралы мәселелер қаралды.![]()

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Ұлбике Салимова және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Жансая Ниязова хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық талқыланды.
Төрағалық етуші Ерлан Дайрабайұлы кеңес жұмысын одан әрі жандандыру бойынша тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
Сарысу ауданы