Тараз қаласының жер көлемі мен халық саны артып, екі ауданға бөлінуде

322
​ Тараз қаласының жер көлеміне Байзақ және Жамбыл аудандарынан жалпы көлемі 12 906,7 га жерлері қосылды.
​ Осылайша қала аумағының ауданы 18 787,0 гектардан 31 693.7 гектарга дейін ұлғайтылды.
​ Тараз қаласының халық саны 479,0 мыңнан асуына байланысты екі әкімшілік ауданға бөлу қарастырылуда. Бұл туралы қала халқына ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
​ Бөлініс Тараз қаласының бас жоспарына сәйкес екі әкімшілік аудан Тараз қаласына кірме жол Айша бибі айналма жолы және Шөлдала алқабы бұрылысынан бастап тікелей Тәуке хан көшесі бойымен Айша бибі көшесі қиылысына дейін, Айша бибі – Тәке хан көшесі қиылысынан бастап С.Сейфулин көшесіне дейін. С.Сейфулин көшесі бойымен Д.Қонаев көшесіне дейін. Д.Қонаев көшесімен Комратов көшесі бұрылысына дейін. Д.Қонаев және Комратов көшесі қиылысынан бастап Байзақ батыр көшесіне дейін. Балуан Шолақ және Байзақ батыр көшелері қиылысынан бастап Талас өзені бойымен бөлінетін болады.
​ Жоғарыда көрсетілген шекаралар бойынша Тараз қаласын 2 әкімшілік аймаққа бөлініп, жалпы көлемі анықталып отыр.
1-ші әкімшілік аймақ көлемі 14 535,9612 гектарды құрады.
2-ші әкімшілік аймақ көлемі 17 157,7388 гектарды құрайтын болады.
Бұл бөлініс халықтың өзекті мәселелеріне шұғыл әрекет ету, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және қала дамуы мүддесінде шұғыл әрекет ету үшін қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.