Қандастарға көмек

870

Тағдырдың талайымен шетел асып, ел тәуелсіздігін алғаннан кейін атамекенге оралған қандастарымыздың құқығын қорғау енді қолжетімдірек болмақ. Жамбыл облысында «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының» филиалдары  ашылған болатын. Ең бірінші бөлімше Сарысу ауданында ашылса, екіншісі Меркі ауданында ашылды. Енді осы Меркі ауданында ашылған  қауымдастықтың төрағасын тағайындалды. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты әуелден-ақ, республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болатын. Сондай-ақ, бұл қоғамдық бірлестік  тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, құқықтық көмек беруді  көздейді. Басқосуға халықаралық қазақ тілі қоғамының төрайымы, тіл жанашырлары мен қазақтар қауымдастығының облыстық филиалының өкілдері және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы қатысты. Жиында Орынбаодағы «Бәйтерек» қауымдастығының  төрайымы Сәуле Тәйкешова сөз алып, өзінің туған жері – Меркі екенін мақтана айтамын, өз жерімде көкірегіммен кең тыныстап, келгеніне қуанышты екендігін жеткізді. Бұдан соң қауымдастықтың аудандық филиалының төрағасы сайланды.Жаңа қызметке заңгер, адвокат Жанәлі Досев есімді азамат тағайындалды.Ол өз сөзінде қауымдастық жұмысын одан әрі жандандырып, жақсы жұмыс атқаруға бар күш-жігерімді саламыз — деді.

Қанат Райқұлов – «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» ҚБ Тараз қалалық филиалының төрағасы

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.