Жуалыда дала өрті тіркелді

580

Жамбыл облысында ауқымды дала өрті тіркелді. Қызыл жалын Жуалы ауданының құмды аймағында өршіген.

Алдын ала болжам бойынша 2 мың гектардан астам жайылым жер жанып кеткен. Қазір өрт аумағын нақты анықтау үшін әуеге тікұшақ көтерілді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 78 адам, 16 техника жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер отты 2 күн ішінде ауыздықтады. Өрттің қалай шыққаны әлі белгісіз.

– Құмды жер болған соң ол жерде ешқандай егістік жоқ. Ол жердің бәрі мал жайылымдар. Ол жерде елдімекеннен алшақ орналасқан. Өрт ошағына дейін таза құммен 100 километрдің үстіндегі жол жүріп өту керек. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Жануарлар және табиғаттың қаншаусы жойылғаны бәрі анықталуда, – дейді Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Кеңесбек Әбдірайымов.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.