Жамбыл облысының әкімі Гузалия Гафурованы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады

712

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жамбылдық спортшы Гузалия Гафурованы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады.
«Бүгін жамбылдық спортшы Гузалия Гафурова Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта жеңімпаз атанып, ел қоржынына алтыншы алтын медальды салды.
Құрметті Гузалия, сізді Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің бүгінгі табысты жеңісіңіз — Қазақстанның, сондай-ақ өзіңіз туып өскен өңірдің спорттағы беделін асқақтатып, көпшіліктің мерейін өсірді. Байрақты бәсекеде бас бәйгені жеңіп алуыңыз — ел-жұртыңыз үшін үлкен қуаныш болса, кейінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болмақ. Ел намысы сынға түскен халықаралық жарыстарда Әулиеата өңірінің спортшылары қашан да биіктен көрініп, мемлекетіміздің, өңіріміздің мақтанышына айналған. Сіз бүгін Азияның кіл мықтыларын жығып, араға төрт жыл салып Азия құрлығының екі дүркін чемпионы атанып, ел мақтанатын мәртебелі спортшыларымыздың қатарына қосылып отырсыз. Алдағы уақытта дүбірлі додаларда биік белестер мен асуларды бағындыруға тілектеспін және Джакартада сынға түсіп жатқан еліміздің басқа спортшыларына да сəттілік тілеймін!» – делінген құттықтау хатында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.