Жаңғырудың жарқын көрінісі

571
Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі халық тарапынан екпінді қолдау тауып жатқаны белгілі. Аталмыш бес бастаманың барлығы да қарапайым халыққа, яғни, әлеуметтік салаға бағытталған. Егер онда көрсетілген жұмыстар уақытылы және толықтай жүргізілсе, онда Отанымызда оң өзгерістер көп болатынына сенім мол.
Мен Елбасының бұл игі бастамасын жастардың жоғары білім алудағы анықтығы мен жоғары сапасына қарай, сондай-ақ техникалық білімнің қарыштап дамуы тұрғысынан қолдаймын. Осы тұрғыда Президент жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлу керектігін, сондай-ақ оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі екендігін нақты көрсеткен болатын. Бұл мемлекет басшысы айтқандай, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Елбасының бұл бастамасының арқасында белгілі бір деңгейде студенттеріміздің шетелге оқуға бармай-ақ отандық білімнің өзімен біршама биіктерді бағындыруына жағдай жасамақ. Осы арқылы еліміздегі жоғары оқу орындарының жұмысына жаңа серпін беріліп, білім сапасы жақсарады, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен материалдық-техникалық базаның күшеюі сияқты тетіктер жаңа кезеңге өтеді.

Қамқорлықтың нақты көрінісі айқындалған тағы бір бастама – ол шағын несие беруді көбейту. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын несие беруді көбейту бастамасы ауыл тұрғындары үшін ерекше қуаныш екені белгілі. Өйткені, Қазақстан халқының едәуір бөлігі қаладан шалғай елді мекендерде тұрады. Ал, олар жаппай бизнеске тартылса әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына өлшеусіз үлес болып қосылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, ауыл тұрғындарын, оның ішінде бизнесті енді қолға алып жатқан жас кәсіпкерлерді кепілдендіру мәселесі толғандыратыны анық. Сол себепті Елбасының бес бастамасын жүзеге асыру мақсатында жас кәсіпкердің несиесінің 85 пайызын мемлекет кепілдендіретінін айта кеткен дұрыс. Ал бизнесін одан әрі дамытушыларға жаңа бағдарламаға сәйкес мемлекет 50 пайыз кепіл болмақ. Демек, көптеген ауыл азаматтары кең көлемде кәсібін ашып, өз ортасына септігін тигізіп, олардың жұмысқа орналасуына, сөйтіп ауыл әлеуетін арттыру арқылы қоғамның келбетін түзеуге зор мүмкіндік алмақ.
Жалпы, бұл бастамалар Тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы маңызды қадам деп санаймын. Үндеуде көтерілген әлеуметтік жобалар – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыра түсуге бағытталған жаңғырудың жарқын көрінісі.

Индира Тоғанбаева, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.