«Шежіре тұнған, асылдар туған-құт мекен» атты әдеби керуен өтті

886

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда жамбылдықтар белсенділік танытып келеді. Осы орайда Жамбыл облыстық  Ш.Уәлиханов атындағы  облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында  «Аудандық орталықтандырылған  кітапханалардың» ауданаралық  күндері  өтті. Онда Сарысу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Сарысу ауданының  90 жылдық  мерейтойына  арналған «Шежіре тұнған, асылдар туған-құт мекен» атты әдеби керуен іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» атты бөлімінде өлкеміздің мақтаныштары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық және Халықаралық әдеби конкурстардың  лауреаты, «Дарабоз» сыйлығының  иегері, белгілі жазушы,  Сарысу ауданының  Құрметті азаматы  Пернебай  Дүйсенбин, Жамбыл облыстық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия жұмыстары жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер Одағының  және Нью-Йорк академиясының мүшесі, жоғарғы санатты дәрігер-хирург,  Сарысу ауданының Құрметті азаматы  Сағындық  Ордабеков және  жас  ақындар  Асылхан және Асхат Зауал-Маханұлдары құрметті қонақтары болды.

Сонымен қатар, басқосуда «Сарысуды білесің бе?» атты шара ұйымдастырылып, қала тұрғындарына сауалнама жүргізілді, «Рухани қазына» ашық музей, «Тарихы ерен, тамыры терең-Сарысуым» атты  кітап көрмелерінің инс-талляциялары оқырмандар назарына ұсынылды. Шалғайда жүрген ақын-жазушыларымыз  скайп арқылы туған жерге деген өз сағыныштары мен ыстық лебіздерін жолдап, жазушы, аудармашы Берік Шаханұлы, жазушы, публицист  Бейбіт Орынбекұлы  Қойшыбаев,  сыншы Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова, қаламгер Қали  Қошқарұлы  Сәрсенбай, жазушы-журналист Болатбек Көрпебайұлы, Қазақстан Журналис-тер Одағының мүшесі Сағындық  Ордабеков, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сарысу ауданының  Құрметті азаматы  Пернебай  Дүйсенбин, жас  ақындар  Асылхан  және  Асхат  Зауал-Маханұлдары кітаптарын сыйға тартты.

А.Абзалбеков өзінің «Туған жер» әнін облыстық филармония әншілері Г.Мәтібаев, М.Бабақұлов, А.Тілешбаев Асхат Абзалбековтің әндерін орындады.

Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Қожаназарова жылдың ең үздік оқырманы, Семей ядролық  сынақ полигонының ардагері, зейнеткер Жеңісбек Әмірбековке салтанатты түрде «Алтын формуляр» тапсырды.

Іс-шараны Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов  атындағы ОӘҒК-ның директоры Э.Абдинова   қорытындылап,  қонақтарға сый-сияпаттарды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.