Мемлекеттік грант қай мамандықтарға көп бөлінгені анықталды

595

Елімізде оқу орындарына 53 500 мемлекеттік грант бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мамандары мәлімдеді, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

  53 мыңнан астам гранттың 24 мыңы техникалық мамандықтарға бөлінбек. 9 мыңнан астамы педогогикалық, 2 785-сі ауыл шаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға үлестірілген. 2 700-і медициналық мамандыққа бөлінген.

Ал ең аз грант саны заңгер мамандығына — 100 орын. Қалғаны әлеуметтік-экономикалық, қызмет көрсету, әскери мамандықтарға қарастырлған. Ал грантқа өтініш берген 75 мың түлектің қайсысы тегін оқи алатыны осы аптада белгілі болмақ.

«Мектеп бітірген түлектер соңын 75 мың адам баллды алды оқуға түсетіндей. Шектік баллды жинады. Былтырға қарағанда жоғары көрсеткіштері. Былтырлары көп адам сыртқа кетіп еді. Қазіргі кезде елімізде оқимыз дегендердің саны өсті. Соңын ішінде қазақ мектеп бітіргендердің көрсеткіші жоғары. Қазір 80 пайыз қазақ мектебінде оқып жатқандар бар. Бұрын 50 де 50 болатын болса, соңғы жылдары, биыл 75 пайызға қазақ мектебін бітірген балалар конкурсқа қатысатын болды», — деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.