Үндістан Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

487

Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж ханым 2018 жылғы 2-3 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар барысында Сушма Сварадж ханым ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесу өткізеді.

2 тамызда Үндістанның Сыртқы істер министрі Үнді қауымдастығымен жүздесіп, 3 тамызда  ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі.

Үндістан мен Қазақстанның қарым-қатынастары сан ғасырлық тарихи және мәдени байланыстарға негізделеді. Үндістан мен Қазақстан екіжақты және көп жақты қарым-қатынастың әрбір саласында жан-жақты ынтымақтастықты арттырып, 2009 жылдан бастап стратегиялық серіктестер болып табылады.

Бұл сапар Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі арттыру мүмкіншілігін береді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.