«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»

499

Ағымдағы жылы  Қаратау қаласында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» акция өтті. Аудандық ішкі істер бөлімі,  орталық аурухана және «Жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен өткен акцияның мақсаты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес болып табылады.

Аталмыш акцияға аудандық полиция бөлімінің наркологиялық бөлімшесі, орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша психолог мамандары мен бірлесе «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында өтті.

Акция Қаратау қаласының белсенді жастарын және қала тұрғындарын тарта отырып, «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алу» және «Есірткіге жол жоқ! Біз — жастар, спортты және салауатты өмір салтын таңдаймыз» ұранымен бастау алды.

Іс-шара барысында жастар қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Басты мақсат патриоттық сезімдерін оята отырып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.