Қала дәріханаларында call-center желісі жұмыс істеуде

271

Бүгін қаламыздағы дәріханаларда еріктілердің күшімен call-center жұмысы бастау алды.

call-center желісінің негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмеу.

COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты тұрғындар дәріханаларға жиі барып, дәрі іздеуде. Осының салдарынан дәріханалардың алдында карантин талаптарын сақтамай адамдардың көптеп шоғрлануы орын алуда. Ал еріктілердің күшімен ұйымдастырылған call-center желісі дәріханадағы препараттың бар немесе жоқ екендігін үйден шықпай-ақ білуге мүмкіндік береді.

call-center желісі қаламыздағы ірі және халық көп келетін 20 дәріханада жұмыс жасайды. Алдағы уақытта дәріханалардың мекенжайы мен call-center желісінің байланыс телефондары шығарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.