Сабын ішіндегі «сәлемдеме»

40

Жамбыл бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің және 5513 әскери бөлімінің бақылау тобының жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесіне «Қазпошта» арқылы тыйым салынған затты жөнелтуге әрекеттенген азаматшаның қитұрқы ісі әшкере болды.

«ROYAL KIMI» дәретхана сабынының ішіне жасырылған «сәлем-сауқатты» ашу кезінде «INOI-102″ маркалы ұялы телефоны табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, .»Beeline» байланыс операторының 1 sim-картасымен USB бауы анықталған.

Қазіргі таңда «Қазпошта» арқылы сәлемдеме жіберген азаматшаның анықталуда. Аталған заңбұзушылыққа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құжаттар толтырылып, сотқа жіберілмек.

 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.