Шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездесті

280

Дүйсенбі күні Шу ауданының орталығынан шалғайда орналасқан Шоқпар ауылында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарының үйін аралап, сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ, елуге жуық тұрғын үйді аралаған үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Бұдан кейін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Руслан Көккөзов пен Айжан Байгисиева және партияның сенімді өкілі Алмаз Тоқтарбаев ауылдағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. 40-қа жуық ауылдықтар қатысқан басқосуда үгіт-насихат жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарын қойды. Дәлірек айтар болсақ, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Құттыбай Шалбаев ауылдағы билет сататын касса ғимаратының жағдайы мүшкіл хәлде екенін айтып, оның қай уақытта қайта қалпына келтіретінін туралы сұрады. Сонымен бірге, М.Әуезов атындағы орта мектептің ұстаздары мектеп ғимаратының да сапасы сын көтермейтіндігін алға тартты. Осыған байланысты, аталған білім ошағына алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізу керектігін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, О.Жандосов атындағы мектептің директоры Ерғалым Примбердиев те білім беру мекемесі күрделі жөндеуді қажет ететіндігін айтып, дәл осы түйткілге қолдау білдіруді сұрады. Сондай-ақ, мектеп интернатта оқитын оқушыларды тасымалдау мәселесі де өзекті екенін және аталған мәселені шешуге қолұшын берсе деген тілегін жеткізді. Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айжан Байгисиева тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарды жеке бақылауына алып, алдағы уақытта түйткілдердің оңтайлы шешімін табуына атсалысатындығын жеткізді.
Айта кету керек, жоғарыда аталған Руслан Көккөзов пен Айжан Байгисиева және Алмаз Тоқтарбаев ауыл тұрғындарының үйін жеке-жеке аралап, канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның алдағы мақсат-міндеттері сөз болып, сайлауалды бағдарламаның мән-маңызы түсіндірілді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.