Онлайн байқаудың нәтижесі шықты

154

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында АBAITANU QWEST атты жастар арасында квестен чемпионат өтті. Ойынға 6 команда қатысты. «Абай» скверінен басталған ойынның жалғасы облыстық өлкетану музейі, «Абай» кітапханасында болып, Жастар аллеясында соңғы нүктесі қойылды. Квест сұрақтары Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында және қазақтың ақын-жазушылары жайында болды. Ұтқан командаға диплом мен сыйлық табыс етілді.
І орынды пкірсайысшылардан құралған «Элита» командасы иеленсе, ІІ орын «Жамбыл жастары» командасына бұйырды, «Экстремалы» командасы ІІІ орынға жайғасты.
Сонымен қатар,карантин режимінде жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жарияланған өзге де онлайн форматтағы байқаулардың нәтижесі шығарылып, жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табылсталды.
Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әлемнің екінші ұстазы» атты онлайн дебаттың (ЛД форматы) нәтижесіне сәйкес І орынды Манкелді Ұлжан, ІІ орынды Есенқұл Мерей, ІІІ орынды Махсут Казира алса, турнирдің «Үздік төрешісі» номинациясы Байтөреев Болатқа бұйырды.
Ал, «Тарихы терең Таразым!» фотобайқауының жеңімпазы – Диасхан Жеңісұлы және интеллектуалды Каhoot ойынында жеңімпаз атанған Шахназар Бақытұлы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.