Жамбылдық жастар «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында рейдтер ұйымдастыруда

520

​Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Қоғамдық сақшы» жобасын жыл басынан жүзеге асыруда. Жобаға «Жібек жолы», «Ақ сұңқар», «Темір қазық» волонтерлік қозғалыстары мен облыстық «Jas Otan», «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар ұйымының еріктілері тартылған.
​Еріктілер өз бастамасымен COVID-19 пандемиясына қарсы Қазақстан Республикасында карантин жарияланғаннан бастап күнделікті барлық қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін 10 мың үнқағаздар, бүктемелер мен медициналық маскалар таратып, 15 рейд өткізді.
Волонтерлер өз қолдарымен тігілген маскаларды қала тазалығына жауапты жұмысшыларға 500 данасын таратты. 20-23 наурыз күндері әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және жалғыз ілікті қарияларға «Біз біргеміз» ұранымен 150 қажетті азық-түліктілер мен гигеналық заттар салынған қораптар үлестірді. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жүргізіле бермек.
«Қоғамдық сақшы» жобасының аясында еріктілер мереке күндері қадағалау шараларын күшейтуде. Атап айтатын болсақ, саябақтарда, көшелерде, мөлтек аудандарда COVID-19-тан сақтанудың жолы үйден бей берекетсіз шықпау, адам көп шоғырланатын орындарға жиі бармау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мейрамхана, ойын орталықтары, кафелер мен асханалардың 22.00-ден кейін жабық болуын полиция депортаменті қызметкерлерімен бірлесе рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.