Айтқазы Қарабалаев тұрғындармен кездесті

243

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Шөлдала» алқабының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде алқап тұрғындары қалаға қатынау үшін қоғамдық көліктіұзақ күтетіндерін, аялдамалар орнатуды сұранды. Сонымен қатар кезінде жер телімінің саяжай және бағбандық болып рәсімделген мемлекеттік актісін қайта рәсімдеуге жеңілдіктер қарастыру, газ жүргізуші мердігердің жұмысты кешеуілдетіп жатқандығын, балалар футбол алаңшасын салу мәселелерін көтерді.
Өз кезегінде қала әкімі Айтқазы Қарабалаев тұрғындардың көтерген мәселелеріне нақты жауаптар қайтарды. «Химик» тұтыну кооперативіне газ жүргізуші мердігер мекеме «KZ Construction» ЖШС-нің өкілі Н.Шаймерденовтен 15 ақпанға дейін 2 алқапқа газдың берілуін талап етті.
Жер қатынастары бөліміне жер телімінің мемлекеттік актілерін ауыстыруды жергілікті жерге шығып, өтініштерді мамандардың осы аумақта қабылдауын ұйымдастыруды тапсырды. Балалар футбол алаңшасын салу үшін жер телімін анықтап, ұсыныс енгізетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.