Жастардың мәселелері шешілеріне сенім мол

671

Елбасы Жастар жылының салтанатты ашылуына қатысып, өскелең ұрпаққа өнеге боларлық өсиет айтты. Баршамызға үлкен сенім артып, бұл уақыт аралығында атқарылуы тиіс шараларға тоқталды. Соның ішінде жастардың қолжетімді әрі сапалы білім алуына, сонымен қатар жұмысқа орналасуына, тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды. Бұл әрине, біз үшін үлкен қамқорлық пен мүмкіндік.
Жастар жылында еліміздегі барлық жастар үшін тың идеялар мен бастамалардың жүзеге асуына және әлеуметтік мәселелердің оң шешілеріне зор сенім білдіреміз.
Білімді, бәсекеге қабілетті жастар ғана ел ертеңіне жауапты. Президент Жастар жылының ашылуында сөйлеген сөзінде осыны меңзеді. Бұл біз үшін көптен күткен әрі үлкен жауапты сәт. Енді өңіріміздің «сен тұр, мен атайын» деген сегіз қырлы, бір сырлы жастары ел мен Елбасының сенімін артығымен ақтайды деген ойдамын. Өзім де мемлекетіміздің дамуы жолында жан аямай еңбек етіп, алдағы асуларды замандастарыммен бірге бағындыруға атсалысамын.

Бақытжан Құтжан,
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы
жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.