75 жастағы көкшетаулық кір тасын көтеруден Әлем чемпионы атанды

492

Көкшетаулық 75 жастағы ардагер спортшы салмағы 16 келі кір тасын 30 рет көтеріп, Әлем чемпионы атанды.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, Өзбекстан Републикасының Бұхара қаласында кір тасын көтеруден жасөспірімдер,  ерлер мен әйелдер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа әлемнің 15 елінен әр жастағы 200-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Көкшетаудан барған 75 жастағы ардагер спортшы Борис Нұғыманов 75-79 жастағылар арасында 80 келі салмақта серпе көтеру әдісі бойынша салмағы 16 келі кір тасын 30 рет көтеріп, Әлем чемпионы болды.

«Бористің бұл алғашқы жеңісі емес, ол осыған дейін ардагерлер арасында өткен талай халықаралық жарыстарға қатысып,  жүлделі орындарды иеленген. Бұл жолы да ол өзінің мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», — дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.