Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың отбасы азық-түлікке айына 50 мың жұмсайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ет ауылдан келеді. Ал енді азық-түлікке көп ақша жұмсамаймыз, өйткені біз көп тамақ жейміз деп айта алмаймын. Қарапайым дастарқан, нанымыз бар, шайымыз бар. Енді жақсылап алатын болсақ, 30-40-50 мың теңге айналасында шығар», – деді ол кулуарда журналистерге берген сұқбатында.
Алайда желі қолданушылары депутаттың бұл мәлімдемесін сынға алды.
«Ауамен қоректене ме?», «Мүмкін емес», «Аптасына 30-40 мың кетеді»,—деп жазды олар.