Жамбылда әлеуметтік сала бойынша 32 нысан салынуда

783

Аймақта жыл соңына дейін 15 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда облыс аумағында әлеуметтік сала бойынша 32 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Құрылыс саласындағы негізгі жұмыс Тараз қаласының сәулеттік келбетін қалыптастырудан басталды. Бұл ретте, қала құрылысы кеңесінің жұмысы жандандырылып, «Сәулеттік бюро» мекемесі құрылды. Облыста есепті кезеңде 24 шақырым жаңа шағалды көше жолдарын салу, 384 шақырым жолды орташа жөндеу, 1 көпір құрылысы мен 1 жол өткелін қайта жаңғыртылады. Сәйкесінше, 3 жыл ішінде қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі толығымен жаңартылады. Бүгінгі таңда облысымыздың 279 елді мекені тұрақты қоғамдық көлік қатынасымен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 97%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.