2019 жылы жастарды не күтіп тұр

459

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастар саясатын жүргізуде үкіметтік емес сектордың рөлін арттыруды тапсырды.

«2019 жылды Жастар жылы деп жарияладым. Бұл өте маңызды. Алайда бәрі Жастар жылы болғандықтан, барлық қажеттілік қап-қаппен жастарға көрсетілетін болды деп ойлап жүр. Негізгі мәселе онда емес. Бұл жерде біздің ел ішіндегі жұмыстарға, бастамаларға, барлық бағдарламаларға жастарды араластыру туралы айтылып отыр», — деді Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумда.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы шикізаттық емес жүйеге өтудің маңыздылығына тоқталды. «Біз биржалық тауарлардан, атап айтқанда мұнай мен газдан, металл мен көмірден, сол секілді шикізаттардан ақша алып отырған мемлекетпіз. Енді белгілі болғандай, олардың бағасы кейде ала-құла боп кетеді. Ақыры, бір күні құр қалуымыз мүмкін. Міне, сондықтан, біздің қоғамды осындай қиын-қыстау кезеңнен құтқарып алатын қор құрылды. Бірақ, баламалы экономиканы құру үшін үшін индустриалық-инновациялық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Шикізаттың болғаны жақсы-ау, алайда оны өңдеп, құнын арттырып, көбірек ақшаға сату керек. Осылайша, еңбек өнімділігін жоғарлатуға болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде соңғы бес жылда 1200 жаңа кәсіпорын ашылғанын тілге тиек етті «Осы кәсіпорындарға мүлде бөлек айлықтарды алатын жұмысшылар келді. Мәселен, мұнда локомотивтерді өндіру бойынша зауыт салынды. Бір адамның еңбек өнімділігі 100 мың доллар. Демек, соған сай жалақы алады. Биыл 110 кәсіпорын жұмысын бастады. Біз бұл жұмысты міндетті түрде жалғастыратын боламыз. Міне, жастарды осыған дайындау керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.