10 мың маска тіккен тараздық тігіншілер марапатталды

594

Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын. Қарапайым халықты қауіпті індеттен құтқару, оларды қолдау мақсатында көпшілік қолдан келген көмектерін де ұйымдастырған еді.

Бұл ретте Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен карантин кезінде көпшілікке азық-түлік таратылып, тұрғындар қажетті тауарлармен қамтылды. Сонымен қатар, мыңдаған медициналық маскалар тегін таратылды.

 Көпшілікті коронавирус індетінен қорғау жұмысына тараздық қыз-келіншектер де өзіндік үлесін қосқан болатын. Тараздық 30 қыз-келіншек медициналық маска тігуге тегін атсалысып, нәтижесінде 10 мыңға жуық бетперде тігілді. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тегін таратылып берілген еді. Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, төтенше жағдай кезінде тегін медициналық маска тігуге атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс білдірді. Шаһар басшысының Алғыс хатын қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келіншектің үйіне барып, табыстады. Ал, тараздық нәзікжандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.