⚜️БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ

50
Тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрған елдің мерейі өсіп, абыройы асқақтай түсері сөзсіз. Себебі ұлт пен ұрпақтың баянды ғұмыр кешуіне келісім мен татулық басты баспалдақ саналатыны шындық.
Осыдан бірер жыл бұрын облыста ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасының тұжырымдамасы мақұлданып, оны іске асыру бойынша жұмыс топтары құрылған болатын. Аталған жоба аясында құрылған жұмыс тобы өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған Полатқосшы және Гродеково ауылдық округтерінде болып, жергілікті жұртты жеке сұрақтарымен қабылдады.
Құрамында облыс әкімдігінің ішкі саясат, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, білім басқармаларының, облыстық полиция департаментінің және аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен жауапты мамандары бар топ тұрғындарды толғандырған сұрақтарға заң аясында жауаптар берді.
Жергілікті азаматтардың басым көпшілігі бизнес бастау, жер телімін алу, заңдастыру, қоғамдық көлік, жол, көше жарығы, қаңғыбас иттерді аулау секілді өзекті мәселелерді көтерді.

 

Бақытжан Құтжан

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.