Үздік ауыл дәрігері

106
Мамандықтың ішіндегі ең қадірлісі – дәрігерлік. Дәрігер болу екінің бірінің қолынан келе бер­мейді. Ең алдымен шыдамдылықты, жауапкершілікті, мамандығына деген адалдықты қажет ететін ең абыройлы мамандық. Қазір ауыл халқы мықты дәрігерлерге мұқтаж. Жас мамандар ауылдық жерге көбіне бара бермейді. Ал біздің кейіпкеріміз – туған жерінде табан аудармастан антына адалдық танытып келе жатқан мықты маман.
Талас аудандық ауруханасының дәрігері Бекжан Мырзағұлов жақында республикалық байқаудан «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған конкурсқа біздің облыстағы сыннан сүрінбей өткен бір маман ғана жолдама алған. Білімімен қатар, біліктілікті де тексеретін сыннан өту оңайға соқпаған.
Байқауға еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, бірінші біліктілік дәрежесі бар дәрігерлер ғана қатысты. Оған қоса, баспасөз беттерінде мақалалары жариялануы керек. Салауатты өмір салтын сақтау тұрғысында және түрлі аурулардың алдын алу жайында тұрғындармен жасалған жұмыстар да көрсетілуі қажет болатын. Облыстағы Сайыстың алғашқы күні тестілеу арқылы білімді тексерді. Ертеңіне арнайы бөлімшеге апарып, іс жүзінде біліктілікті байқады. Муляждарды компьютерге қосып, түрлі тапсырмалар арқылы «денсаулықтарын» бақылатты. Көмек көрсету тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығын компьютер анықтап отырды. Байқау нәтижесінде Республикаға жолдама алды.
Бекжан Әсембекұлы 2014 жылы Асфендияров атындағы медициналық институтты тәмамдап, еңбек Есейхан ауылының дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері болып бастады.

 

Талас Аудандық Орталық Ауруханасы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.