
https://turkystan.kz/article/262200-ulken-qyzym-30-da-ansi-qairat-baekenov-otbasylyq-trendterden-qalmau-kerek-ekenin-aitty
Белгілі әнші Қайрат Баекенов Qazaqstan арнасындағы Tansholpan бағдарламасында отбасы, балалары туралы айтып, қазіргі трендтерден қалмауға тырысатынын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Үлкен қызым биыл 30-ға келеді. Өзім 19 жасымда үйленгенмін. Екінші қызым келіп, “Әке, қазір осылай билеу керек, тренд осы, менде бір идея бар” деді. Мен: “Мен билей алмаймын ғой”, – дедім. Бірақ бірдеңе шықты», – деп күлді ол.
Қайрат Баекенов бұл бастаманың қазіргі таңда қоғамда жақсы үрдіске айналып келе жатқанын айтты.
«Қайрат Нұртас өзінің қызымен, Тұрсынбек Қабатов өзінің қызымен бірге осындай дүниелер жасап жүр. Бір жағынан қарап тұрсаң – жарасымды, отбасылық құндылықтар дәріптеліп жатыр. “Қалмау керек” деп біз де ілесіп жатырмыз. Жаман емес», – дейді ол.
Өнер иесі ата-ана мен бала арасындағы байланысқа бұл сияқты заманауи тәсілдердің оң әсері бар екенін де тілге тиек етті.
«Ел алдында жүрген азаматтардың баламен бір толқында жүргені – жарасымды. Бұл – бүгінгі заман тілімен сөйлесудің бір жолы», – деді Қайрат Баекенов.