Зілзала Қазақстанның 7 өңірінде сезілді

110

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның бес облысында сезілді. Бұл туралы Төтенше жағадай министрлігі мәлімдеді.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 00:09-да (қайтадан Алматыда 00:42-де – 2 балл және 01:36 сезілмейтін) жер сілкінісі эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматыда күшті жер асты дүмпулері болды – 5 балл. Шымкентте – 2 балл.

Жер сілкінісі Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды ​​облыстарында да сезілді.

ТЖМ Дағдарыс кезіндегі басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен, жедел түрде республикалық төтенше жағдайларды жою штабы құрылып, жұмыс істеуде.

Штабта Төтенше жағдайлар министрлігі психологтарының көмегімен сенім телефондары орнатылған.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен күштер мен құралдар жоғары дайындық режиміне қойылды.

Республиканың қалалары мен аудандарында зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қырғызстан мен Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі кезекші қызметтерінің мәліметінше, бұл республикаларда да жер сілкінісі тіркелген.

 

https://turkystan.kz/article/239101-zilzala-aza-stanny-7-irinde-sezildi

Leave A Reply

Your email address will not be published.