Жүйелі жүзеге асуда

623

2019 жылы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында, яғни өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 103,1 пайызды, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 105,6 пайызды, көтерме сауда тауар айналымының нақты көлем индексі 115,6 пайызды, бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлем индексі 101,8 пайызды, құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі 107 пайызды құраса, бюджеттің орындалуы 104,5 пайызға, оның шығыс бөлігі 99,9 пайызға игеріліп, тұрақты динамика қалыптасты.

 Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі қала кәсіпкерлерімен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша 2019 жылы субсидия тетігі бойынша 2 млрд 708,9 млн теңгеге 51 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша 422,9 млн теңгеге 21 жоба қаржыландырылды.

 2019  жылдың маусым айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 млн теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар қабылданып, Жамбыл облыстық  Аймақтық Үйлестіру Кеңесімен байқау өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласынан 4 жоба 8,0 млн теңгеге: жеке кәсіпкер «Алике» құлпынай өсіруге жылыжай үшін 2,0 млн теңге, жеке кәсіпкер «Нұрлан» арнайы құралдар жасау үшін 1,5 млн теңге, жеке кәсіпкер «Energy» электр тоғын үнемдейтін құралдар шығару үшін 1,5 млн теңге, жеке кәсіпкер «Ecosystem services» арнайы құрал-жабдықпен сорланған жерлердің құнарлығын арттыру үшін 3,0 млн теңге грант ұтып алды. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша Жастар жылына байланысты республикалық бюджеттен 21 млн теңге, облыстық бюджеттен 303 млн теңге                                                                          қаражат – барлығы Жамбыл облысы бойынша 324 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда Тараз қаласынан 160 жас кәсіпкер жаңа жобаларымен қатысып, 109,2 млн теңгеге 47 кәсіпкер грант ұтып алды. Одан басқа, қайтарылған қаржыдан 5 кәсіпкер 10,5 млн теңгеге грант ұтып алды.

Мемлекет басшысы 2019 жылдың 15 шілдесінде «Азаматтардың табыс деңгейін арттыру – басты мақсат» атты Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендету басты міндеттеріміздің бірі деген болатын. Тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша қабылданған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Тараз қаласы бойынша Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2019 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 6764 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 2019 жылдың қорытындысымен 8398 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Бағдарламаның І бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету).

  1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 340 адам жолданды (оқу мерзімі – орта есеппен 2 жыл 5 ай, оқу қыркүйек айында басталды).
  2. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1044 адам жолданып, 134,3 млн теңге игерілді.

ІІ бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша 2019 жылы республикалық бюджеттен қалаға шағын несиелендіруге «Даму» АҚ екінші деңгейлі банктер арқылы жоспар бойынша 896,6 млн теңге бөлініп, нақты  игерілгені 503,3 млн теңге. 49 азаматқа және АШҚҚҚ арқылы жоспар 30 адамға 295,1 млн теңге бөлініп,  игерілді.  Барлығы 79 адам шағын несие алды.

Сонымен қатар мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ағымдағы жылға жоспар бойынша 160,1 млн теңге бөлініп, 358 адам грант иегері болды (276 азаматқа 200 АЕК немесе 505000 теңгеден және 82 азаматқа 100 АЕК – 252500 теңге) бөлінген қаражат толығымен  игерілді.

Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарына 225 адамды қамту үшін республикалық бюджеттен 83,6 млн теңге бөлінген. Осыған орай 33 адам жастар практикасына және 43 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 235,2 млн теңге бөлініп, 761 адам қатыстырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі тұрақты – 5,8 пайыз.

Өңірлерді жүйелі дамыту мақсатында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы қабылданған. Бірыңғай бағдарламаға «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақ бұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаларының ережелері, сондай-ақ шағын қалаларды дамыту бағдарламалары біріктірілген. Аталған бағдарлама аясында жоғары тұрған бюджеттерден 9 млрд 996,5 млн теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылды. Олар: «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы, «Арай-2» шағын ауданының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру, арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру жұмыстары және 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2 және М-4 жылу магистральдарының қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды (Сыпатай батыр, Көшеней, Қойгелді, Ниетқалиев, Аққозиев, Қазыбек би, Аққошқар әулие, Дулати, Комратов, Қонаев және Абай, Жамбыл, Төле би даңғылдары). Ал өткен жылдан өтпелі «Бурыл А, Б, В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу, Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесінің және Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабының Молдарбеков және Центральная көшелерінің су жүйесінің құрылыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады, тиісті қаражат бөлінді.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 80 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бағдарлама аясында ағымдағы жылы 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін алқапта 181 көппәтерлі және 255 жеке тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұдан өзге, «Арай» мөлтек ауданында 4-нің құрылысы жүргізілуде.

Жалпы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылы қала бюджетінен 655,5 млн теңгеге 17 үйге және қайтарым қаражат есебінен 13 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді («Қаратау» мөлтек ауданы №12, 14, 29, 33 үйлер, «Талас» мөлтек ауданы №5, 15, 14, 18 үйлер, «Самал» мөлтек ауданы №15, 49, 26, 50, 25, 31 үйлер, «Мыңбұлақ» мөлтек ауданы №55, 53, 51, 12 үйлер, «Салтанат» мөлтек ауданы №18, 30 үйлер, «Қарасу» мөлтек ауданы №6, 16, 25 үйлер, «Алатау» мөлтек ауданы №12, 49 үйлер, Рысбек батыр көшесі №9 үй және Төле би даңғылы №13, 15, 17, 19).

Ал ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,4 млрд теңгеге 80 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу және қалалық бюджеттен 100,0 млн теңгеге 4 үй жөндеуден өтті. Бағдарламаға қатысқан жағдайда пәтерлердің меншік иелері жүргізілген жөндеу жұмыстарына пайызсыз мен үстеме ақыларсыз, сондай-ақ жалпы қарыздың бүкіл мерзімі ішінде өтеуде мөлшерін ұлғайтусыз бөліп төлей алады. Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша күрделі жөндеу шатырдың, қасбеттік қабырғалардың ескіруіне  инженерлік желілер мен жалпы пайдалану,  нормативтік мерзімін өтеген лифтілер жаңа және қауіпсізіне ауыстыру мәселелерін шешуге ұзақ уақытқа мүмкіндік береді, демек, тұрғын үй жағдайларын жақсартады. Сонымен қатар заманауи материалдарды қолданумен шатырды жөндеу жоғарғы қабаттардағы пәтерлерде жылу шығындарын төмендетуге, су басу қаупін жоюға қол жеткізеді, нәтижесінде тұрғындар жылы, құрғақ және сенімді шатырды алады.

Мемлекет басшысының халықтың кіріс пен тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі қойып отырған міндетін тиімді орындау әкімдіктің атқарған қызметінің басты өлшемі болмақ. Ең алдымен,                                     ол – қолжетімді тұрғын үй, жұмыспен қамту, сапалы білім беру және денсаулық сақтау, таза экология, жақсы жолдар мен қауіпсіздік. Мемлекет басшысы саясатын ел мүддесіне сай жүзеге асырып, алдағы уақытта да жоспарларымызды еңсеру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.

 

Айтқазы Қарабалаев,

Тараз қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.