ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

75
Бүгін Қаратау қаласында Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында кіші футболдан «JAMBYL QYZMET CUP» облыстық турнирі өтті. Аталған турнирге Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда қатысты.
Сарысулықтарды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов бастап барды.
Тартысты өткен турнирде Сарысу ауданының командасы жүлделі 3 орынды иеленді. Сарысу командасына арнайы диплом мен 300000 теңгенің сертификаты табыс етілді. Жүлде құтты болсын, жерлестер!

Leave A Reply

Your email address will not be published.