Жылу желісі жаңғыртылуда

710
Жылу желілерін жаңғырту еліміздегі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе, соңғы жылдары орын алған төтенше жағдайлар аталған мәселенің тезірек қолға алынуын жеделдете түсті. Бұған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жылу желісі барысын бақылап, атақырылып жатқан жұмыстарды зерделеді.
Тараз қаласындағы М-1 жылу желісін қайта жөндеу бойынша биылғы жылы 4772 м бөлігін жаңарту жоспарланған.
Қалғаны келесі жылға өтпелі.
Қазір 2781,8 м (63,0%) лоток және 2571 м (54,0%) құбыр жүйесі орнатылды. Құрылыс жұмыстары 5 бөлікке бөлініп жүргізілуде.
Бекітілген кестеден қалып кеткен бөліктер бойынша ескертулер берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.