ЖЫЛУ МЕН АУЫЗ СУҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙДІ

120
Өткен аптада қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері мен ауыз суға қатысты түйткілдерді көріп, тұрғындармен тілдесу арқылы нақты мәселелерге көз жеткізген болатынбыз.
Ендігі кезекте аталған мәселелерді шешу жолын қарастыру мақсатында “Ауыз су-Шу” және “Шу-Жылу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларын жеке қабылдап, көзбен көрген мәселелерді талқыладық. Қаладағы жылу жүйелерінің қазіргі жағдайына сараптама тағайындап, қорытындысын алу туралы шешім қабылданды. Сараптама нәтижесіне сәйкес тозығы жеткен жылу жүйелерінің нақты көлемі анықталып, тиісті құжаттары әзірленетін болады. Сол арқылы қажетті іс-шаралар легін қолға алатын боламыз. Нақты іс-шаралар қолға алынғанда кәсіпорын басшылары тарапынан айтылған ұсыныстардан бөлек, тұрғындардың тілегі де ескеріледі. Барлық ұсыныс-тілектер арнайы хаттамаға енгізілді. Оның орындалуы қатаң бақылауда болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.