ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

128

2022 жылдың 21-ші қазан күні Астана қаласында қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптар үшін «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

✅Қазақстанда қайырымдылық жасау мен оны дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды табу және ынталандыру, оларға қоғамның назарын аудару мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 жылы «Жомарт жүрек» сыйлығын тағайындаған болатын.

✅Биылғы конкурсқа 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың өкілдері қатысты.
Конкурс жеңімпаздары – онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша халық таңдаған 50 адам «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік қамқоршысы» және «Жылдың үздік ұйымы» деп аталатын номинация бойынша Шу ауданынан «Сауда-Сервис» ЖШС басқарма өкілі Лыткин Владимир Дмитриевич анықталды.

✅Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнес саласының, қайырымдылық және еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты.

✅Қатысушыларға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров құттықтау сөз сөйлеп, «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарына ерекше ілтипат білдірді.

#жомартжүрек

Leave A Reply

Your email address will not be published.