Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алуға 421 отбасыдан өтініш түскен

40
2023 жылдың 1 қыркүйекегіне аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 421 отбасының құжаттары қабылданды. Казіргі таңда аудан бойынша әлеуметтік көмек 308 отбасына (1545 адам) тағайындалды.
Өтініш берген 116 отбасының табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен асқан. Қалған құжаттар учаскелік комиссияның қарауында.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 204 отбасы (1132) адам және шартсыз ақшалай көмек 104 отбасы (413) адам тағайындалды.
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмысқа жарамды 330 адам. Оның ішінде 258 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды.
Атап айтқанда,
Тұрақты жұмысқа 33 адам орналаса,
қоғамдық жұмысқа 40 адам тартылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам орналасып, Жастар практикасына 3 адам жіберілді. Сонымен қатар, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа 3 адам ие болды.

 

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.