istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/265547-zyl-basynan-beri-88-myn-esirtki-dukeninin-sottary-bugattaldy-prokuratura
Бас Прокурор Берік Асылов 2025 жылдың 7 айындағы прокуратура органдарының жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурорлар заңдылықты нығайту, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастыруда.
Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді (82573-тен 76512-ге дейін).
Қоғамдық орындар (23121-ден 21269-ға дейін) мен көшелерде (11035-тен 10272-ге дейін) құқықтық тәртіп жақсарды.
Алайда интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.
Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізілуде.
Мәселен, алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 «дроппер» қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265547-zyl-basynan-beri-88-myn-esirtki-dukeninin-sottary-bugattaldy-prokuratura