Жуалыда жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды

87
11 қаңтарда жоғалған балықшылардың біреуі әлі табылмаған.
11 қаңтарда жоғалған балықшылардың біреуі әлі де іздестірілуде.
Ал, біреуінің денесі қамыстардың арасынан дронның көмегімен табылып, жағаға шығарылған.
— Жуалы ауданында екі балықшы Билікөл көліне балыққа кетіп қайта оралмады деген хабар түскен болатын. 12 қаңтардан бастап іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда іздестіру жұмыстары он күн аралықта ешқандай нәтиже бермегендіктен сонымен қатар көлде мұз қатып қалуы нәтижесінде іздестіру жұмыстары тоқтатылған болатын. Қайта іздестіру жұмыстары 10 ақпан күні басталып, кешкі сағат 17:30 шамасында дрон көмегімен бір адамның денесі табылды. Марқұм 1981 жылы туған. Екінші адамды іздестіру жұмыстары әрә жалғастырылып жатыр. Іздестіру жұмыстарының қиыншылығы алдымен ауа-райының қолайсыздығы. Билікөл көлінде желдің күшейіп кетуі салдарынан болып тұр,- дейді облыстық төтенше жағдайдар департаменті басшысының орынбасары Руслан Орынбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.