ЖУАЛЫДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

33
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Жалғас Мұртаза барша тұрғындарды еліміздің рухын асқақтатқан, басты құндылықтарымыз – ынтымақ- бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады.
Мерекелік жиында түрлі салада қызмет атқарған бірқатар азаматқа «Құрметті азамат» пен «Құрметті ардагер» атағы беріліп, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Кеш қонақтары патриоттық бағыттағы көріністерді тамашалап, өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.