Жолшы болғысы келетін оқушылардың қатары көбеюде

54

«Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Бас Директоры Замир Садықұлының бастамасымен қолға алынған «2000 мектеп» жобасы өңір-өңірлерде жемісті жүзеге асуда. Мәселен, дәл осы орталықтың Жамбыл облысындағы филиалының қызметкерлері 8-11 сынып оқушыларымен онлайн кездесіп, жол-құрылысы мамандықтары жөнінде толық мағлұмат беріп келеді. өңірлік филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев осындай үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде тараздық Әзиз Мұратов, Николай Павлов, Юсуф Чауш-Оглы және Роман Ковалев сынды бірқатар мектеп оқушылары жолшы болуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Айта кетейік, жолшылар білім беру ұйымдарымен орнатылған әріптестік байланыс негізінде «ZOOM» платформасы арқылы жас жеткіншектермен жүздесуде. Бейнебайланыс барысында жол сапасының бақылау жұмыстары қалай жүргізілетіні, зертхана жұмысы мен жылжымалы зертхана кешені туралы дәріс оқылады. Сондай-ақ, бұл күндері болашақ мамандық иелерінің назарына автокзизөлік жолдарын салу мен олардың сапасын бақылау жұмыстары жөніндегі арнайы бейнесюжет ұсынылады. Өз кезегінде оқушылардың бұл салаға қызығушылығы оянып, ынтасы бар балалар асфальт жабындысы қалай төселетініне дейін білуге құмарта түсуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.