«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды

97

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы – «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады деп хабарлады turkystan.kz. 

Мәлімет бойынша, акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері әшкере болып, ақшалай қаражат алды деген күдікке іліккен. Пара сомасы 11 миллион теңгеден асып жығылады.

Биыл 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

https://turkystan.kz/article/208665-zholaushylar-tasymaly-ak-filialynyn-basshysy-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.