Жолаушылар мінген ұшаққа найзағай түсті

42
Ыстанбұл – Бодрум бағыты бойынша ұшып шыққан ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Бодрумдағы Милас әуежайына қона алмай, Даламан әуежайына бағытталған, деп хабарлайды baq.kz.

Ауа райы жақсарғаннан кейін ұшақ қайтадан Бодрумға ұшқан, алайда ұшу барысында оған найзағай түскен. Абырой болғанда, ұшақ сәтті қонды, ал техникалық тексеріс кезінде ешқандай зақым анықталған жоқ.

Эгей аймағындағы ауа райының қолайсыздығы әуе қатынасына кері әсер еткенімен, Pegasus ұшағы Даламан әуежайына аман-есен қона алды. Кейін ауа райы қалпына келген соң, ұшақ Бодрумға сапарын жалғастырды, — делінген Haber Global таратқан ақпаратта.

Фото: Wikipedia

https://turkystan.kz/article/258310-zolausylar-mingen-usaqqa-naizagai-tusti

Leave A Reply

Your email address will not be published.